Қазақстандағы автомобильдің тарихын қалай тексеруге болады

Қазақстандағы автомобильдің тарихын қалай тексеруге болады

Қазақстанда автомобильдің тарихын онлайн-режимде көруге болады. "Авто тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді.

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемалардан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді. Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады.

Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;

– бұрынғы иелерінің санын;

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Қазір ол "102", Halyk Bank, Bereke Bank, CenterCredit, ForteBank мобильді қосымшаларында және aster.kz сайтында қолжетімді. Сондай-ақ, ІІМ "Авто тарихына" бірыңғай сақтандыру деректер базасын қосуды жоспарлап отыр. Бұл болашақта көліктің апатқа ұшырағанын немесе түспегенін тексеруге мүмкіндік береді.

polisia.kz