
Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің өрт-техникалық орталығына экскурсия кезінде өрт сөндіру машинасының салонында отырып, тіпті нағыз жауынгерлік киімді киіп көруге болады. Мұражайға кіру тегін.

Қызығушылық танытқан балалар мен ересектерге арналған экскурсия елдегі және аймақтағы өрт сөндіру бөлімінің даму тарихы туралы әңгімеден басталады.

Қонақтарға нақты өрт кезіндегі экспонаттар, өрт-техникалық қару-жарақ, жабдықтар көрсетіледі. Мұражай қызметкерлері келушілерді ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғаудың заманауи құралдарымен таныстырады.

Арнайы бөлімдер өрттің алдын алуға, өртпен күресу әдістеріне арналған.

Жеке бөлім балаларға арналған. Мұнда өрт ісі тақырыбындағы ең жақсы балалар жұмыстары қойылған: әртүрлі өрт сөндіру машиналарының макеттері, қалқандар, суреттер, қолөнер және т. б.
Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлер туралы баяндайтын стенд бар.

– Жыл сайын біздің мұражайда мыңға жуық оқушылар мен студенттер тобы болады. Экскурсиялар мемлекеттік және орыс тілдерле өтеді. Мұражайға кіру тегін, – дейді мұражайдың экскурсоводы Симзар Гусейнова.

Келушілерге фильмдер де көрсетіледі. Фильмдер тізімі барлық жастағы адамдарға арналған.

Өртке қарсы қызмет тарихы, батырлар, өрттің алдын алу, мультфильмдік оқу материалдары және т.б. туралы бейнематериалдар бар.

Көрме залдарына барғаннан кейін қонақтарға өрт сөндіру бөлімін тамашалау ұсынылады. Экскурсияның бұл бөлігі барлық санаттағы келушілер арасында үлкен қызығушылық тудырады. № 10 өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлер жабдықтың мақсаты туралы айтып, өрт сөндіру машинасының салонында отыруға рұқсат береді. Ниет білдірушілер нағыз жауынгерлік киімді киіп көре алады.
Тәжірибелі гидтер келушілерді демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта күн сайын қабылдайды.
Экскурсияға мына телефон арқылы жазылуға болады: (8-7212) 41-30-26.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша