Мәдениет қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен марапатталды

Мәдениет қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен марапатталды

Қарағанды облысында мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Кәсіби мереке қарсаңында 26 адам өңір әкімі сыйлығына ие болды.

Салтанатты шара С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрында өтті.

Биыл алғаш рет "Жыл архивисті" номинациясы құрылды.

– Мемлекет мәдениет пен өнер саласына жан-жақты қолдау көрсетеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов. – Биылғы жылы С. Сейфуллин және К. Станиславский атындағы театрлар, сондай-ақ Теміртау жас көрермендер театры үшін жайлы автобустар сатып алынып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залдарының реэкспозициясына қаражат бөлінеді. Қазір Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жас мамандарына арналған отбасылық жатақхана ретінде тұрғын үйді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар кәсіби тұрғыда өсуге қандай да бір ынталандыру болады.

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актері Кеңес Жұмабеков

және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік басшысының орынбасары Ғазиз Әжбағамбетов "Мамандыққа адалдығы үшін" бас марапатының иегерлері атанды.

Қарағанды музыкалық комедия театрының әртісі Мария Васильева 20 жыл бойы өнерге қызмет еткен. "Жыл әртісі" номинациясындағы жеңіс ол үшін жағымды тосын сый болды.

– Бүгінгі эмоцияларым керемет. Бұл көптен күткен және сонымен бірге күтпеген сыйлық. Мұндай марапаттар шабыттандырады, ынта береді. Мәдениет пен өнер – менің өмірім, – деп мойындайды Мария Васильева.

"Жыл дирижері" номинациясының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей үшін де сыйлық маңызды.

– Сыйлық жақсы көмек болады. Дирижер ретінде 27 жыл, ал Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің академиялық оркестрінде 15 жыл жұмыс істеймін. Барлық өнер қайраткерлеріне шығармашылық шабыт тілеймін, ешқашан үміт үзбеңіздер, жұмыс істеңіздер, жұмыс істеңіздер және тағы да жұмыс істеңіздер. Өйткені, біз адамдарға қуаныш сыйлаймыз. Қарағандыда еңбек ету мен үшін үлкен мақтаныш, – дейді Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің бас дирижері.

Гүлдер мен қошеметтер, музыка, әндер мен билер бүгінде мәдениет пен өнер қызметкерлеріне арналды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері "Астана опера" театрының жетекші солисі Жаннат Бақтай, Алматыдан The Jigits тобы, Х-Factor телевизиялық жобасының финалисті теміртаулық Андрей Сергеев және басқалар мерекелік атмосфера сыйлады.

Облыс әкімінің үздік мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған сыйлығы 18 жыл бұрын бекітілген.

Осы жылдар ішінде кәсіби байқауға 1780 адам қатысып, 425 мәдениет және өнер өкілдері сыйлық лауреаттары атанды.

2023 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының лауреаттары атанғандар:

- "Жыл әртісі" – Айдос Нұрмағамбетов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының әртісі;

- "Жыл әртісі" – Мария Васильева, Қарағанды музыкалық комедия театрының әртісі;

– "Жылдың үздік эпизодтық рөлі" – Наталья Снегирева, Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театрының әртісі;

– "Жылдың үздік театр режиссері" – Виктор Горемыкин, "Современник" халық театрының режиссері, Теміртау қ.

– "Жыл дирижері" – Ерлан Бақтыгерей, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері;

– "Жылдың эстрада жанрының вокалисі" – Ершат Қонақбаев, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арай" ансамблінің солисі;

– "Жылдың классика жанрының вокалисі" – Нұрбол Темірғалиев, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Әуен" ансамблінің солисі;

– "Жылдың үздік инструменталисі" – Амангелді Үсенов, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің әртісі; Вадим Латыпов – Қарағанды музыкалық комедия театры оркестрінің әртісі;

- "Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы" – Людмила Пропищан, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Мерей" ансамблінің жеке аспата орындаушысы;

- "Халық әнін үздік орындаушы" – Ришат Шабденов, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арқа сазы" фольклорлық ансамблінің солисі;

- "Жыл хореографы" – Нұрқұлан Хасимхан, Нұра ауданы мәдениет үйінің "Шұғыла" ансамблінің хореографы;

– "Балет және хореографиялық ұжымның үздік әртісі " – Айсұлу Ахметжанова, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблінің әртісі;

- "Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі" – Темірбек Сыздықов, "Қайран жастық" халық хорының көркемдік жетекшісі және Қарқаралы ауданының мәдени-демалыс орталығының "Салтанат" ән-би ансамблінің хормейстері;

– "Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы" – Серік Мұқанов, Қарағанды қаласының Теміржолшылар мәдениет сарайының басшысы;

– "Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері" – Гаухар Молдабаева, Бұқар Жырау ауданы Ақбел ауылының клуб меңгерушісі;

– "Ауылдың үздік кітапханашысы" – Шолпан Ахметбекова, Шет ауданының Ақой ауылының кітапханашысы;

- "Үздік кітапханашы" – Марина Подгайнова, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;

- "Үздік музей қызметкері" – Ержан Нұрмағанбетов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы;

- "Жыл композиторы" – Есжан Әміров, композитор, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры;

- "Алтын жолақ" – Сағат Батырханова, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы;

- "Үздік айтыскер" – Дидар Ками, Қарағанды облысының айтыскері;

- "Жылдың үздік суретшісі" – Кәріпбек Күйіков, қазақстандық суретші;

- "Жыл архивисті" – Ольга Беркун, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты бөлімінің басшысы.

Облыс әкімінің Үздік мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған сыйлығы 15 жыл бұрын бекітілген. Осы жылдар ішінде кәсіби байқауға 1780 адам қатысып, 425 мәдениет және өнер өкілдері сыйлық лауреаттары атанды.