
Қарағандыда облыстық "Жас құтқарушы" жарысының қорытынды кезеңі өтті. Бірінші орынды Балқаш қаласынан М. Русаков атындағы мектеп-интернатының командасы иеленді.

Жарысқа қалалық және аудандық жарыстардың 14 жеңімпаз командасы қатысты. Әр команда сегіз жас құтқарушыдан және екі ересек адамнан тұрды.

Финал орталық саябақта өтті. Үздік атақ үшін 13 пен 17 жас аралығындағы 110-ден астам оқушы күресті.

Командалар күрделі практикалық тапсырмаларды орындады және теориялық конкурстарға қатысты. Жарыс бағдарламасы келесі кезеңдерді қамтыды: "Таныстыру",

"Алғашқы медициналық көмек көрсету", "Жауынгерлік өрістету", "Су айдынындағы құтқару жұмыстары", "Өрт сөндіру эстафетасы" және "Қабырға газеттері байқауы".

Екінші жыл қатарынан Балқаш қаласынан М. Русаков атындағы мектеп-интернатының командасы облыстық жарыстардың жеңімпазы атанды. Енді балалар "Жас құтқарушы" республикалық слетінде Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.

Екінші орында Осакаров ауданының "№ 12 ресурстық орталығы" тірек мектебінің командасы,

үшінші орында Абай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ жекелеген кезеңдерден өту қорытындысы бойынша командалар көтермеленді.

Жарысты ТЖ Департаменті Қарағанды облысы білім басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырды.



Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша