
"Еңбек жолы" байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Ұйымдастырушылар үш номинация жариялады: "Үздік еңбек әулеті", "Өндірістің үздік жас қызметкері" және "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері".
Байқау облыстың дамуына елеулі үлес қосқан отандастардың еңбек әулеттері мен жетістіктеріне арналған.
Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
"Үздік еңбек әулеті" номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі және ең көп наградалары бар ең үлкен әулет таңдалады. Еңбек әулетінің мүшелері қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге және өз кәсібін насихаттауы тиіс.
"Өндірістің үздік жас қызметкері" номинациясына 5 жылдан аспайтын еңбек өтілі бар белсенді және еңбекқор жұмысшылар қатыса алады.
Тағы бір номинация – "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері". Мұнда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
Байқаудың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін.
Өңірлік кезеңге қатысуға өтінімдерді қабылдау 10 маусымға дейін жалғасады.
"Еңбек жолы" конкурсына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпаратты еңбек инспекциясы басқармасынан алуға болады: (8-7212) 43-20-62, сондай-ақ Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының сайттарынан.