
Қарағандылық спортшы Сергей Кинах Берлинде (Германия) жүзуден Әлем кубогының сериясында екі қашықтықтан күміс жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Азия рекордын орнатты.
Халықаралық біріншілікке 50 елден 400-ден астам спортшы қатысты.

Қарағанды облысынан ұлттық құрама сапында паражүзуші Сергей Кинах өнер көрсетті. SB9 классында екі қашықтықта ол күміс жүлдегер атанды және 200 м брасспен 3.03.36 секундта жүзіп, Азия рекордын орнатты.
Спортшыны Наталья Манохина жаттықтырады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша