Қарағанды университетінде тағы бір кітапхана жаңғыртылды

Қарағанды университетінде тағы бір кітапхана жаңғыртылды

Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің базасында заманауи оқу кітапханасы мен коворкинг-орталығы ашылды. Үй-жайларды жобалаумен кітапханашылардың өздері айналысқан.

Жаңа кітапхана мен коворкинг орталығының орнында бұрын мұрағат болған. Жөндеу жұмыстары бір жарым айдан астам уақыт бойы жүргізілді.

– Біздің кітапхана ерекше. Қызметкерлеріміз дизаның өздері ұсынды. Университет басшылығы біз үшін Нидерландыға сапар ұйымдастырды. Біз Амстердам университетінде кітапхана ісін ұйымдастыруда тәжірибе жинақтадық. Онда жұмыста қолданылатын инновациялық технологиялар ғана емес, сонымен қатар интерьерді де бақылап қайттық. Кейбір дизайнерлік шешімдер бізде де пайдаланылды, – дейді кітапхана директоры Гаухар Әбдіғұлова.

Енді студенттерге қажетті кітапты табу оңайырақ болады. Кітапханада RFID жүйесі енгізілген. Ол кітап іздеу, қайтару және кітап беру процестерін автоматтандырады, түгендеуді жеңілдетеді, кітапханашыдан жүктемені алып тастайды. Оқырмандар ақпараттық терминал арқылы қажетті кітапты қайдан табуға болатындығын өздері біле алады.

Тарих факультетінің оқу кітапханасының қорында 125 мың дана кітаптар мен журналдар бар. Сирек кітаптар қоры 10 мың дананы құрайды. Ең көне басылым XVIII ғасырда басып шығарылған. Бұл "Императрица Екатерина II-нің саяси хат-хабарлары: 1772–1773" кітабы.

Кітапхана 70 орынға арналған. Оқырмандар ашық аспан астында оқи алатын университеттің ішкі ауласына кіру мүмкіндігі бар.

Оқу залында суретші және халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтың суреттерінің арнайы бұрышы ұйымдастырылды. Болашақта кітапханада көрмелер, семинарлар, конференциялар және т. б. өткізу жоспарлануда.