Қарағандының «Шахтёр» стадионында футбол бойынша шоу-матч өтеді

Қарағандының «Шахтёр» стадионында футбол бойынша шоу-матч өтеді

14 мамырда "Шахтер" стадионында қазақстандық эстрада орындаушыларының және танымал медиа тұлғалардың қатысуымен футболдан шоу-матчі ұйымдастырылады. Ойын FLASH және SD FAMILY командалары арасында өтеді.

Жұлдызды матч сағат 16.00-де басталады. Футбол әуесқойлары алаңда "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Алдияр Жапархановты, актер Есентай Ниязбаевты, бұрынғы футболшы және SD Family футбол клубының иесі Дидар Сыдықбекті, сондай-ақ белгілі блогер Ерболат Жаңабыловты көре алады.

Шоу-матч Fonbet media Football League Qazaqstan жобасы аясында өтеді. Оның мақсаты – футболды, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттау.