"Мұражайдағы түн": қарағандылықтар үшін шеберлік сабақтары, квест және шебер-фест дайындалды

"Мұражайдағы түн": қарағандылықтар үшін шеберлік сабақтары, квест және шебер-фест дайындалды

Қоянды жәрмеңкесі, шебер-фест, квест, лотерея және тағы басқалар – Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қала тұрғындары мен қонақтарын 18 мамырда сағат 19:00-де "Мұражайдағы түн" акциясына қатысуға шақырады. Іс-шара Халықаралық мұражайлар күніне орайластырылған. Сиқырлы түн сағат 24.00-ге дейін созылады.

Бағдарламада:

- "Қоянды жәрмеңкесі" театрландырылған инсталляциясы;

- мұражай экспозициясы бойынша экскурсия;

-handmade қарағанды шеберлерінің шебер-фест-жәрмеңкесі;

- сәндік-қолданбалы өнер және қолдан жасалған бұйымдар бойынша шеберлік сабақтары; 

- "Мұражай заттарының құпиясы" квест-ойындары;

- "Мұражай білгірлері" өлкетану викторинасы;

- "Тарихи лото" зияткерлік ойыны;

- "Сәттілік аулаушылар" лотереясы-мұражай фойесінде лотерея билеттерінің ұтыс ойыны (лотерея билеттері квест ойындарына, викториналарға, зияткерлік ойындарға және т. б. қатысушыларға беріледі);

- өнер галереясы (шарж суретшілері және т. б.);

- фэйс-арт (бет бояуы, хнамен сурет салу және т. б.);

- мұражай залында балаларға арналған "Неге?" ғылыми-ойынсауық бағдарламасы бар көрме;

- фотоаймақтар және биік қуыршақтар;

- "Шай рәсімі" кафесі,  

- музыкалық алаң – жастар топтарының қойылымдары, вокал.

Тарихи-өлкетану мұражайы Ерубаев көшесі, 38 мекенжайында орналасқан.

Анықтама телефондары: 30-11-36, 56-45-63.