Қарағанды облысында балалардың құқықтарын қорғауға көмектесу үшін еріктілер қажет

Қарағанды облысында балалардың құқықтарын қорғауға көмектесу үшін еріктілер қажет

Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ирина Киселева жанашыр қарағандылықтарды балалық шақты қорғаушылардың қоғамдық Альянсын құруға қатысуға шақырады. Облыс балаларына өтеусіз негізде заңгерлік және психологиялық көмек, сондай-ақ барлық қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар және ниет білдірген барлық жанашыр қарағандылықтар шақырылады.

Ирина Киселева – облыс әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары. 2022 жылы ол бала құқықтары жөніндегі уәкіл болды. Жұмыста оған Жастар кеңесі белсенді көмектеседі, ол облыста балалар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жобаларды іске асырады.

– Бүгінгі таңда мен 200-ге жуық өтінішті қарадым. Мен әртүрлі жағдайларға тап болдым, оларды барлық жағынан мұқият зерттедім, жағдайларды шешуде құзыретті органдарды тарттым. Облыста еріктілер, кәсіпқойлар, сарапшылар қатарынан балалық шақты қорғаушылардың қоғамдық альянсын құру қажеттілігі туындады деп санаймын. Мемлекеттік қызметшілерді, азаматтық институттарды, ҮЕҰ, барлық нұмқұрайлы қарамайтын азаматтарды, блогерлер мен қоғам қайраткерлерін, заңгерлер мен адвокаттарды, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, әлеуметтік педагогтарды, педагогикалық еңбек ардагерлерін балаларымыздың құқықтарын қорғау, тәрбиелеу, білім беру, отбасын сақтау, оның құндылығы мәселелерінде күш біріктіруге шақырамын, – деді Ирина Киселева қарағандылықтарға.

Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен байланыс телефоны: +7-701-444-39-74, instagram.com/bala_qorgau_uakili_krg/.