
Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Санжар Әділов тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға жаңа басшыны таныстырды.
Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын тергеуші болып бастаған.
Осы тағайындауға дейін ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарды.