
Қарағанды облысының аумағында табиғи мекендеу ортасына 52 сұңқар шығарылды. Оның ішінде 23 лашын-сұңқар, 29 ителгі-сұңқар.
Құстарды табиғатқа жіберуді "Охотзоопром ӨБ" РМҚК, Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, "Зоология институтының" және жек құстарын қорғайтын халықаралық қордың қызметкерлері жүргізді.
Барлық құстар белсенді. Олар ұшыруға алдын ала дайындалған, сақиналармен белгіленген және жабайы табиғатқа бейімделген.
Жыртқыш құстар Біріккен Араб Әмірліктерінің тәлімбақтарында өсірілген.
Қазақстанда сұңқарларды табиғи ортаға шығару бағдарламасы 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Бүгінгі күні мекендеу орындарына 782 құс шығарылды.
Кадрлар бейнеден алынған
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі