Қарағанды өлкетану мұражайы дизайнерлік жобалар байқауын өткізеді

Қарағанды өлкетану мұражайы дизайнерлік жобалар байқауын өткізеді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы дизайн жобаларының ашық конкурсын өткізеді. "Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының реэкспозициясына" барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жобалау ұжымдары, сәулет шеберханалары мен бюролары, сондай-ақ мұражай қызметкерлері мен олардың жақын туыстарын қоспағанда, сәулетшілер, суретшілер, дизайнерлер және уақытша шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

"Байқаудың мақсаты – мұражай стандарттарына сәйкес келетін экспозициялық залдар мен мұражай фойесінің ең заманауи (мұражайлық ІТ-технологияларды пайдалана отырып) дизайнын анықтау. Жобалық ұсыныстар сәулет-көркемдік стильге ие болуы, заманауи техникалық жарақтандыруды және ақпараттық қамтамасыз етудің мұражайлық жүйесін көздеуі тиіс", – деп атап өтті мұражайда.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

- 11–19 мамыр аралығында – өтінімдерді қабылдау;

- 19 мамырдан 3 шілдеге дейін – конкурстық материал беру.

Өтінімдер 19 мамырға дейін Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 38 мекенжайы бойынша, сондай-ақ электрондық пошта арқылы қабылданады: museumkz.@mail.ru. Өтініммен бірге конкурсқа қатысушылар жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы тиіс.

Жұмысты арнайы комиссия бағалайды. Байқау жеңімпазы ақшалай сыйлық алады – 30 млн теңге.

Сұрақтармен келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: (8-7212) 56-58-89, 30-11-36, 8-702-779-82-12 (Ержан Нұрланұлы) және 8-702-283-03-34 (Гүлдана Жанарбекқызы).