"Мұражай көшесіндегі көктем": Теміртауда мұражайлар күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді

"Мұражай көшесіндегі көктем": Теміртауда мұражайлар күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді

Тұңғыш Президенттің Теміртау тарихи-мәдени орталығы барлық тілек білдірушілерді 18 мамырда "Мұражай көшесіндегі көктем" іс-шарасына шақырады. Мереке Халықаралық мұражайлар күніне арналған.

Негізгі іс-шара Астана алаңында (орталықтың алдында) өтеді. Мереке сағат 16:00-де басталады. Концерттік бағдарлама, Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі студенттерінің шоу-дефилесі және КТК қалалық командаларының өнер көрсетуі жоспарланған. Балалар үшін "Әлем мұражайлары" интерактивті ойыны және сурет салу мен киіз басу бойынша шеберлік сабағы дайындалды. Жәрмеңкеде "Шебер-Теміртау" қолөнер орталығының шеберлері өз жұмыстарын ұсынады.

Орталықта кинотаспалар көрсетілімі ұйымдастырылады. Ересектерге арналған аймақта 14:00-ден 16:00-ге дейін "Тақиялы періште" (қазақ тілінде), ал 16:00-ден 18:00-ге дейін – "Заречная көшесіндегі көктем" (орыс тілінде) фильмі өтеді. Балалар мультфильмдерді қазақ және орыс тілдерінде сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін көре алады. Көрсетілімге келу үшін +7-708-386-38-06 телефоны бойынша өтініш қалдыру қажет. Орындар саны шектеулі.

Мұражай қызметкерлері мерекеге тек жақсы көңіл-күймен келуді сұрайды.