Қарағандылық парадзюдошы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қарағандылық парадзюдошы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қарағандылық спортшы Даяна Федосова парадзюдодан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Мүгедектік спорт бойынша облыстық мамандандырылған мектептің тәрбиеленушісі нашар көретін спортшылар арасында J2 санатында (салмағы – 57 кг) өнер көрсетті.

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Астана қаласы) өтті. Татамиде Азияның 11 елінен 100-ге жуық үздік дзюдошылар шықты.

Даяна Федосова төрт жекпе-жек өткізді. Парадзюдошы барлық қарсыластарын жеңді. Нәтижесінде алтын медальға ие болды.

@inva_sport09