
Теміртаулық бес ескекші байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алды. Жарысқа 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.

Құрлықтық біріншілік Самарқандта өтті. Өзбекстанның халық саны бойынша үшінші қаласындағы ескек есу арнасы – Орта Азияда салынған және олимпиадалық талаптарға сәйкес келетін бірінші канал. Чемпионатқа 11 елдің атақты спортшылары қатысты.

Теміртаулық ескекшілер нағыз жауынгерлік мінез танытып, тамаша нәтижелер көрсетті. А. Молдағұлова атындағы ООРМБЖСМ филиалының тәрбиеленушілері жеті медаль жеңіп алды.

Дмитрий Холмогоров байдаркада үш алтын жеңіп алды (жалғыз 1000 м, екі 1000 м, төрт 500 м). Жаттықтырушы – Владимир Петров.

Вероника Трепезникованың қоржынында үш медаль бар: байдаркада есуде алтын (төрт 1000 м) және екі қола (жалғыз 1000 және 500 м).

Мария Карманова каноэде есуде қола жүлдегер атанды (төрт 500 м).

Екі спортшыны да Нина Карманова жаттықтырады.

Ескек есу спортынан ООРМБЖСМ оқушы Владислав Дронов байдаркада есуден екінші орын алды (төрттік 500 м). Жаттықтырушы – Антон Романишко.
Байдаркада күміс жүлдені (төрт 500 м) жоғары спорт шеберлігі мектебінің оқушысы Виктор Хамазин жеңіп алды. Жаттықтырушы – Владимир Егоров.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша