Хогвартс экспрессінде: Қарағанды балалар темір жолы маусымды ашты

Хогвартс экспрессінде: Қарағанды балалар темір жолы маусымды ашты

Ертең, 4 мамырда Хогвартс экспрессімен 9 ¾ платформадан шығуға болады. Қарағанды балалар темір жолы маусымды 1 мамырда ашты.

Пойыз бейсенбі және жұма күндері сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін жүреді. Сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ мереке күндері – 11:00-ден 18:00-ге дейін.

Билет бағасы – 200 теңге. Үш жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін.

Бір рейсте 120 адамға дейін жүруге болады. Маршруттың ұзақтығы – 4,5 км, жол жүру уақыты 20 минуттан аспайды. 

Сондай-ақ, "Жас теміржолшы" үйірмесіне курсанттарды қабылдау жүріп жатыр. Сабақ аптасына екі рет өтеді. Жас санаты 12-ден 16 жасқа дейін. Телефон: (8-7212) 78-55-40.