Теміртаулық оқушылар волейболдан республикалық лиганың чемпиондары атанды

Теміртаулық оқушылар волейболдан республикалық лиганың чемпиондары атанды

Волейболдан ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде 7—8 сынып оқушылары арасында Теміртау спортшылары жеңіске жетті. Олардың барлығы № 27 мектепте оқиды. Екінші орында ШҚО командасы, үшінші орында – Павлодар облысы.

Жарысқа еліміздің 16 өңірінен барлығы 190-ға жуық оқушы қатысты.

№ 27 мектепте бұрыннан келе жатқан спорттық дәстүрлер және әртүрлі деңгейдегі жарыстарда көптеген жеңістер бар. Балалар негізінен волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, күш спорты және биатлонмен айналысады. Олардың көпшілігі қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары немесе жүлдегерлері.

— Бұл дене шынықтыру мұғалімдерінің тәжірибелі ұжымының тығыз жұмысының нәтижесі. Мектепте баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шаңғы секциялары жұмыс істейді. Біздің мұғалімдер спорт мектептерімен тығыз жұмыс істейді – қабілетті балаларды анықтап, оларды жаттығуға бағыттайды. Теміртау волейбол мектебі Валерий Елисеевтің жаттықтырушылар әулетінің арқасында өте күшті болып саналады, — дейді дене шынықтыру мұғалімі, педагог-зерттеуші Татьяна Дивеева.

Теміртау командасының құрамында Ирина Никишкина, Мария Ерошина, Анастасия Колесникова, Валерия Баранова, Алиса Труханова, Анастасия Крылова, апалы-сіңілі Аиша мен Фатима Шакабаевалар, Светлана Власова және Василиса Вронская ойнады.

Ал волейболдан құрама қатарына кіретін мектептің 5—6 сынып оқушыларына мамыр айында республикалық мектеп лигасына қатысуға тура келеді. Олар Қарағанды облысының чемпионы атанды.