Қарағанды университеті студенттік кәсіпкерлік кубогында Қазақстанның 50 ЖОО арасында үздік атанды

Қарағанды университеті студенттік кәсіпкерлік кубогында Қазақстанның 50 ЖОО арасында үздік атанды

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ командасы 2023 жылғы студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар Кубогының Ұлттық чемпионы атағын жеңіп алды.

Қарағандылықтар Enactus Kazakhstan National EXPO көрмесінде Қазақстанның 50 жоғары оқу орны арасында үздік атанды.

Ұлттық чемпионат – Enactus Kazakhstan халықаралық бағдарламасының қорытынды алаңы. Мұнда жас стартаперлер жыл бойы жұмыс істеген әлеуметтік, экологиялық, экономикалық жобаларын қорғайды.

Enactus Buketov University командасы 2010 жылы құрылған. Бүгінде оның құрамына әр түрлі факультеттерден 14 студент кіреді. Олардың кәсіби эдвайзерлері – бизнес саласында зор тәжірибесі бар сарапшылар – PhD, қауымдастырылған профессоры, экономика және Халықаралық бизнес кафедрасының меңгерушісі Жантай Жәнібек және экономика және Халықаралық бизнес кафедрасының оқытушысы, Аlumni және команданың экс-капитаны Лейла Никкель.

– Бұл көптен күткен жеңіс. 13 жыл бойы біз жыл сайын студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар кубогына қатысамыз. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Биыл 50 жоғары оқу орны болды. Олардың төртеуі финалға жолдама алды. Бәсекелестер өте күшті болды, олар Кубокта бірнеше рет қатысып қана қоймай, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Біздің команда жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті және жобаларды қорғау нәтижелері бойынша біз чемпион атандық, – дейді Жантай Жәнібек.

Биылғы жылы ҚарУ студенттері коммерциялық бағыттағы екі экологиялық әлеуметтік жобаны ұсынды.

"Өңде" жобасы – бұл пластик пен әйнекті екінші имидждік өнімге жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу.

"Жиһаз" стартапын әзірлей отырып, студенттер паллеттерден жиһаз жасау технологиясын игерді және басқаларды осыған үйретеді. 

Екі жоба да халықтың әлеуметтік осал топтарына экологияны сақтауды және өмір сүруді үйренуге мүмкіндік береді.

Ұлттық кубоктың жеңімпазы атанған Enactus Buketov University командасы Утрехт қаласында (Нидерланды) өткен Enactus World Cup 2023 әлемдік кубогында Қазақстанның атынан қатысады. Жарыс бес құрлықтың 34 елінен қатысушылар арасында өтеді.