Қарағандыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің концерті өтеді

Қарағандыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің концерті өтеді

Қарағанды "Шалқыма" концерт залында 3 мамыр күні сағат 18:30-да Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің концерті өтеді.

Рамазан Стамғазиев – қазақ халық және дәстүрлі әндерін дәріптейтін әнші, "Құрмет" орденінің иегері, еңбек сіңірген педагог. Оның шәкірттері – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, Қазақстанның барлық өңірлерінің филармонияларында жұмыс істейді.

"Дариға-дәурен" концертінде қарағандылықтар қазақтың дәстүрлі ән өнерінің үздік туындыларын тыңдайды. Оған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлту Қабаева, Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі және Рамазан Стамғазиевтің шәкірттері – Дулат Аханов, Ришат Шабденов және Данияр Түсжанов (қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері, республикалық байқаудың лауреаттары) қатысады.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.