Қарағанды облысында 1 мамыр қалай тойланады

Қарағанды облысында 1 мамыр қалай тойланады

Қазақстан халқының бірлігі күні, 1 мамырда Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концерттерге, спорттық жарыстарға, көрмелерге және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларға шақырады. Негізгі іс-шаралар облыс орталығында өтеді.

29, 30 сәуір

Қ. Байшолақов атындағы спорт кешені, 10:00

Қазақ күресінен "Сарыарқа Батырлары" республикалық турнирі.

 

30 сәуір

"Молодежный" мәдениет үйі, 11:00

"Ынтымағы жарасқан – Қазақстан" мерекелік концерті.

 

1 мамыр

Орталық мәдениет және демалыс саябағы

12:00–16:00

"Қазақстан – достық мекені" мерекелік іс-шарасы.

Күні бойы

"Шебер" ҚБ қолданбалы өнер көрмесі.

"Киіз үйдегі кітапхана" мерекелік көрмесі

 

Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі, 12:00

"Бір шаңырақ астында!”.

 

"Молодежный" мәдениет үйі, 12:00

"Бірлігіміз жарасқан".

 

"Литейщик" стадионы, 10:00

2008–2009 ж. т. жасөспірімдер арасында футболдан БЖСМ ашық біріншілігі.

 

2 мамыр

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, 06:00

Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша Ультрамарафон.

Бұл күні мерекелік іс-шаралар Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында өтеді. Мысалы, Саран қаласында, "Сұңқар" стадионының алаңында, сағат 12:00-де халықтық мәдениеттер фестивалі және қаланың шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. Сондай-ақ, спорттық жарыстар мен "Мерекелік дастархан" жәрмеңке-сатылымы өтеді.