Қарағанды облысына гастрольмен Астанадан "Жастар" театры келеді

Қарағанды облысына гастрольмен Астанадан "Жастар" театры келеді

Астанадан келген "Жастар" театры С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының сахнасында қарағандылықтарға "Пранк махаббат" комедиясын және "Жанарымдағы жалғыз әуен" дұғасын ұсынады.

Жеңіл әзіл, әдемі әуен, студенттік өмірдегі шытырман оқиғалар - мұның бәрі Қанат Жүнісовтың "Пранк махаббат" комедиясында. Оны қарағандылықтар назарына 2 мамырда сағат 14:00 және 18:30-да ұсынады. Қоюшы-режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.

Қарағандылықтарға 3 мамыр күні сағат 18:30-да "Жанарымдағы жалғыз әуен" дұғасы қойылады. Қоюшы-режиссер және идея авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Театр Балқашта да өнер көрсетеді. 4 мамырда 19:00-де қалалық мәдениет үйінде "Жанарымдағы жалғыз әуен"  көрсетіледі.