Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Тұрғындар өңір басшысына өз проблемаларымен жүгінетін мұндай кездесулер тұрақты негізде өтеді.

Бұл жолы кездесуге 12 адам жазылды. Олардың қатарында облыс орталығының, сондай-ақ басқа да қалалар мен ауылдық аудандардың тұрғындары бар. Сұрақтар әртүрлі болды: тұрғын үй мен жұмыстың жоқтығынан ұлттық спорт түрлерін дамытуға дейін.

Теміртаудағы бір топ тұрғындар қыста көпқабатты үйдің суық болғанына шағымданды. Олардың айтуынша, пәтерлердің суып кетуіне тұрғын үйдің желілеріне бизнес нысаны қосылғаны себеп болған. Ермағанбет Бөлекпаев аталмыш жағдайдың мән-жайын анықтау үшін мамандардың қатысуымен жұмыс тобын құруды тапсырды.

Қарағанды тұрғыны ұлттық ат спорты түрлеріндегі проблемаларға назар аударды. Бұл мәселе де назардан тыс қалмайды.

Тағы бір қарағандылық белсенді мүгедектер қоғамына Қарағандының жаңа ғимараттарының бірінде бірінші қабатта үй-жай беруді сұрады. Қала әкімі Мейрам Кожухов бір шешім бар екенін айтты. Ермағанбет Бөлекпаев қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Әр мәселе бойынша олардың шешу жолдары талқыланды.