Футбол әуесқойларын Қарағанды мен Ақтау жастар командаларының матчына шақырады

Футбол әуесқойларын Қарағанды мен Ақтау жастар командаларының матчына шақырады

29 сәуірде "Шахтер" стадионында QJ лигасының жаңа жобасы аясында алғашқы матч өтеді. Алаңда Ақтаудан келген "Каспий" және "Шахтер" жастар командалары кездеседі.

Ойынның басталуы 13:00. Кіру тегін.

Freedom QJ League жасөспірімдер лигасы Қазақстанда жақында іске қосылды, оның елімізде баламасы жоқ. Бірінші маусымда 18 жасқа дейінгі жас санатында 12 команда қатысады.

2025 жылы үш жас санатында үш лига болады – U17, U18 және U19, сондай-ақ қыздарға арналған бір лига. 2023 жылғы маусымда барлығы 132 матч өтеді, әр команда 22 (үйде және сыртта 11) рет ойнайды.

Ойындар Qazsport, Qsport және Setanta Qazaqstan спорттық телеарналарында көрсетіледі. Сонымен қатар, QJ Лигасында кездесулерді тікелей эфирде көрсететін YouTube арнасы болады.

Командалар үшін басты жігерлендіру факторы еурокубоктарға – УЕФА жасөспірімдер лигасына қатысу болады. Сонымен қатар, футболшылар бір-бірімен бәсекелестік дәрежесін жоғарылату, сондай-ақ ұйымдастыру деңгейі әлдеқайда жоғары матчтардың санын арттыруға мүмкіндік пайда болады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша