Симфониялық оркестр қарағандылықтарды концертке шақырады

Симфониялық оркестр қарағандылықтарды концертке шақырады

Сенбі, 29 сәуірде "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Басталуы 17:00.

Бағдарламада – В. А. Моцарт "Фигароның үйлену тойы" операсына увертюра, Э.Григтің фортепианоға арналған оркестрмен концерті, 16-шы шығарма, және Л. ван Бетховен Симфония № 7 ля мажор, 92-ші шығарма.

Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Радия Оразалинова (фортепиано, Астана қ.).

Дирижер – "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсембаев (Астана қ.).

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан алуға болады.          

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.