Қарағандыда жылыту маусымы 30 сәуірден 1 мамыр ғақараған түні аяқталады

Қарағандыда жылыту маусымы 30 сәуірден 1 мамыр ғақараған түні аяқталады

Қарағанды әкімдігі жылыту маусымының аяқталу күнін хабарлады. Қалада орталықтандырылған жылыту 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні өшіріледі.

"Теплотранзит Қарағанды" және "Қарағанды Энергоцентр" компаниялары жылыту маусымын аяқтау, сынақтардың барлық түрлерін өткізу және ыстық сумен жабдықтауды ажырату жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды бастады", – делінген хабарламада.

Сонымен бірге алдағы қысқа дайындық басталды. Жылу желілерін жаңғырту жүргізілетін болады.