Қарағандыда Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Гүлмира Тапайдың шығармашылық кеші өтеді

Қарағандыда Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Гүлмира Тапайдың шығармашылық кеші өтеді

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 27 сәуірде сағат 18:30-да Кеншілер мәдениет сарайында Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Гүлмира Тапайдың "Елім-ай" шығармашылық кешінде күтеді.

Гүлмира Тапай – Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Ол халық, симфониялық оркестрлер және фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен домбырамен дәстүрлі әндер орындайды. Көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық байқаудың және "Шабыт" Х Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің Гран-при иегері. Қали Байжанов атындағы Концерттік бірлестіктің солисі.

"Гүлмира Тапайдың әдемі дауысы Түркия, Оман, Англия, Әзірбайжан, Молдова, Франция және Швейцарияның ең беделді сахналарында шырқалды. Оның репертуарына Біржан сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Үкілі Ыбрайдың және т.б. 300-ге жуық ән кіреді. Осы кеште Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Гүлмира Тапай қазақ, тәжік, грузин, итальян, сыған, француз тілдерінде әндер орындайды. Бұл тыңдаушылар алдында шығармашылық есеп болады. Сондай-ақ, шығармашылық кешке концерттік бірлестіктің солистері Арайлым Жүкенова, Медет Осатаев, Рысты Рахымжан қатысады, олар Гүлмира Тапаймен дуэт және трио құрып, өнер көрсетеді", – деді Қали Байжанов атындағы КБ-де.

Билеттерді КМС кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.         

Анықтама телефоны: 8-701-234-08-09.