Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет Қарағандыда концерт береді

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет Қарағандыда концерт береді

Қарағандылықтарды 26 сәуірде сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залына Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің және кларнетші Артур Назиуллиннің (Башқұртстан) концертіне шақырады.

Артур Назиуллин (кларнет) – Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты. Халықаралық кларнетистер қауымдастығының тәуелсіз статистикасына сәйкес, жаңа буын әлеміндегі ең әлеуетті 10 кларнетисттің қатарына кіреді.

Ұжымның тарихы 1988 жылдан бері басталған. Квартеттің шығармашылық қызметін мемлекет жоғары бағалайды – ол "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ерен еңбегі үшін" үкіметтік наградасының иегері.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев. 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (виолончель) бітірген. Ол Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет құрамында құрылған күннен бастап еңбек етіп келеді.

Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка) – халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2002 жылдан бастап Мемлекеттік ішекті квартет құрамында.

Алексей Лебедев (екінші скрипка) – халықаралық байқаулардың лауреаты. Н. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2008 жылдан бастап квартет құрамында.

Бекзат Сайлаубайұлы (альт) – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 2014 жылдан бастап ұжым құрамында.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларында және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.          

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.