Қарағанды облысында мамыр мерекелері қалай тойланады

Қарағанды облысында мамыр мерекелері қалай тойланады

Қарағанды облысында "Бір шаңырақ астында" патриоттық челленджі өтуде. Тұрғындар бейбітшілік пен тату көршілік туралы әңгімелерімен бөліседі. Өңірде Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған іс-шаралар басталды.

– Облыста Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай 300-ге жуық іс-шара өтеді. Бұл орталық алаңдар мен саябақтардағы мерекелер, әлеуметтік жәрмеңкелер, экологиялық және қайырымдылық акциялар, көрмелер, фестивальдар, спорттық жарыстар, челлендждер және т. б., – деді ішкі саясат басқармасы басшысының м. а. Гүлнәрайым Қантарбекова аппараттық кеңесте.

Достық үйінде этномәдени бірлестіктер басшылары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.

Колледж студенттерінің қатысуымен "Қарағанды – достық пен бірліктің астанасы" мәдениет және өнер фестивалі өтеді.

Кітапханаларда жастардың этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесулері ұйымдастырылады.

Отан қорғаушылар күніне орай патриоттық челлендждер мен флешмобтар өткізіледі. Мектептерде ерлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар, әскери техниканың көрмелері жоспарлануда.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеудің атрибуты "Жеңіс белгісі" патриоттық лентасы болады.

Бүгінде Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 13 қатысушысы тұрады. Жеңіс күніне орай оларға 1,5 млн теңге көлемінде біржолғы көмек төленеді. Ақшалай көмекті тыл еңбеккерлері және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттар алады.

Барлық қалалар мен аудандарда соғыс батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады. "Ер есімі – ел есінде" платформасында онлайн-акция басталады, онда әркім майданда немесе тылда Жеңіске жеткен өз туыстарының фотосуреттері және әңгімелерімен бөлісе алады.

Сондай-ақ ардагерлерге сыйлықтар табыстаумен жыл сайынғы "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы өтеді.

Қарағанды Кеншілер мәдениет сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған "Жас сарбаз" патриоттық әнінің саптық шеруі өтеді. Биылғы жылы Балқаштағы Жеңіс күні қарсаңында дәстүрлі "Ардагерлер ән айтады" хор ұжымдарының фестивалі өтеді.