
Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында 25 сәуірде сағат 18:30-да "Арай" квартетінің концерті өтеді. Оған Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестр, "Арқа сазы" фольклорлық ансамблі және "Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблі қатысады.

"Өмір жолы – өнер жолы" концертінің бағдарламасында қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары, халық әуендері шырқалады. "Арай" квартетінің солистері эстрадалық, халықтық және классикалық әндер, романстар орындайды.
Квартеттің көркемдік жетекшісі – "Құрмет" орденінің иегері Сержан Мұсайын.
Биыл Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі 85 жылдығын атап өтуде. Мерейтойлық жыл ішінде бірлестіктің ұжымдары мен әртістері есеп беру концерттерін береді, шығармашылық кештер дайындайды және тағы басқа да шаралар ұйымдастырады.
Бүгінгі таңда бірлестікте сегіз шығармашылық ұжым – Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестр, Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі, джаз оркестрі, "Арқа сазы" фольклорлық ансамблі, "Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблі, "Мерей", "Әуен" және "Арай" солистерінің ансамбльдері жұмыс істейді.
Анықтама телефоны: 41-13-14, 41-22-30 және 8-701-339-72-57.