
Қарағанды тұрғыны 7 сәуірде ЖЭО-1 ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне 20 жүк көлік көлемінде қалдықтар шығарған. Мұны Қарағанды облысының Экология департаментінің мамандары жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде анықтады.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344 – бабында ("Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу") айыппұл қарастырылған: жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК (172 500 тг.), лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК (345 мың тг.).

Бүгінгі таңда заң бұзған қарағандылық барлық қоқыстарды заңды қоқыс үйіндісіне шығарды.
Егер сіз заңсыз қоқыс шығарудың куәсі болсаңыз, экология департаментіне (8-7212) 41-09-66 телефоны арқылы хабарлаңыз.
Қарағанды облысы экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша