
Қарағандының 60 автобусында электронды кітап оқу мүмкіндігі пайда болады. Бүгінгі таңда электронды кітапханалар 22 қоғамдық көлікте жабдықталған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары интернетке қосулы болса жеткілікті.

Автобустардағы электронды кітапхана қалалық әкімдіктің қолдауымен "Жол үстіндегі кітапхана" жобасы аясында жабдықталған. Әзірге QR кодтары бойынша кітап оқу опциясы алты бағыттағы 22 автобуста қол жетімді – 65, 5, 1, 70, 43, 118э.
Қазақ, орыс және шетел әдебиеттерінің туындыларымен танысу үшін жолаушыларға автобус салонының орталық бөлігіндегі стикерлерде орналастырылған QR-кодты сканерлеу жеткілікті.

"Жылжымалы кітапхана көркем әдебиетті оқуға тарту үшін жабдықталған, – дейді қала әкімдігі. – Қазақ, орыс және шетелдік классика секілді үш бөлімнен тұратын кітапты таңдау үшін жолаушы сілтеме бойынша өтуі керек. Шығармалардың ішінен М. Әуезовтің "Көксерек", А. Құнанбайұлының "Ескендір", А. С. Пушкиннің ертегілері, Артур Конан Дойлдың "Жоғалған әлем" және басқа да кітаптарды таңдауға болады. Жобаға үлкен бағыттары ұзақ және жолаушылар ағыны белсенді маршруттар тартылды"

Жақын арада электронды кітапханалар 13 маршруттағы 60 қалалық автобуста болады. Нөмірі 65, 5, 1, 70, 43, 118э ден басқа, қосымша 40, 53, 33, 146э, 56, 41, 19 автобустерінде жабдықталады. Кітапхананың цифрлық мұрағатында барлығы 41 туынды бар. Оның ішінде 21 –қазақ классикасы, 14 – шетелдік және 6 – орыс классикасы.