Қарағанды облысының тұрғындары 22 сәуірде сенбілікке қатысуға шақырылады

Қарағанды облысының тұрғындары 22 сәуірде сенбілікке қатысуға шақырылады

Қарағанды өңірінің барлық қалалары мен аудандарында 22 сәуірде жалпы облыстық сенбілік өтеді. Абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық 10 маусымға дейін жалғасады.

"Өңірімізде тәртіп пен тазалық орнату бойынша сенбілікке қатысуға шақырамыз. Бекітілген аумақтар мен іргелес жер учаскелерін санитарлық тазалауды жүргізуді сұраймыз", – деп жазды энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов Instagram парақшасында.