45 мамандық бойынша Worldskills Karaganda – 2023 чемпионаты өтуде

45 мамандық бойынша Worldskills Karaganda – 2023 чемпионаты өтуде

Қарағанды облысында WorldSkills өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Биыл ол 45 мамандық бойынша 17 колледждің жарыс алаңында өтеді. 300-ден астам студент өз шеберліктерін көрсетеді.

"WorldSkills чемпионаттары жастарды экономиканың өндірістік секторына тартуға, индустриялық және сервистік кәсіптерді дамытуға ықпал етеді. Мұндай чемпионаттар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтер жасайды, кәсіптік білім беру сапасын арттыруға және халықаралық деңгейдегі жаңа формациядағы маман қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Бірінші орын алған студенттер WorldSkills Kazakhstan – 2023 Ұлттық чемпионатында облыс намысын қорғайды.