
Қарағанды облысында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қажетті білімді тегін алуға мүмкіндік туды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы курстар мен кеңестер дайындады.

"Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы "Мен кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту" ұлттық жобасын қолдады. Кәсіпқойлардан, мамандардан, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерден құнды тәжірибе мен ақпаратты тегін алуға болады", – делінген хабарламада.
"Мен кәсіпкер" бастамасы екі бағытты қамтиды: бизнестегі әйелдер және өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
Курстарды жаңадан бастаушылар да, қазіргі кәсіпкерлер де пайдалана алады. Онда қажетті құзыреттіліктерге үйретеді. Кәсіпкер әйелдер үшін бағдарлама кең: қолөнер, әлеуметтік кәсіпкерлік, гранттық қаржыландыру, лизинг және т. б.
Курс түлектері оқу туралы сертификат алады.
Өтінімдер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады (түскі үзіліс 13:00-ден 14: 00-ге дейін).

Қатысу туралы сұрақтармен ӨКП-дағы менеджер-консультанттарға жүгінуге болады: Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бірінші қабат).
Байланыс нөмірлері: (8-7212) 50-64-18, 50-51-54, 8-702-348-34-83 – Арайлым, 8-771-271-33-66 – Жанар.