Қарағандыда "Әсеттің әндері-ай" әдеби-музыкалық кеші өтеді

Қарағандыда "Әсеттің әндері-ай" әдеби-музыкалық кеші өтеді

Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында 20 сәуірде сағат 14:30-да Қазақстанның дарынды композиторы және халық әртісі Әсет Бейсеуовтың туғанына 85 жыл толуына орай "Әсеттің әндері-ай" әдеби-музыкалық кеші өтеді.

"Онда композитордың шығармалары орындалады, оның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады. Сондай-ақ Әсет Бейсеуовтың танымал әндерінің жазылу тарихы мен достары және әріптестерінің естеліктері ұсынылады", – деді кеншілер мәдениет сарайында.

Композитордың көптеген әндері, оның ішінде «Алмалы Алматы», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», қазақ әндері өнерінің алтын қорына енген.

Кіру тегін.