
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын қолдау мақсатында жыл сайынғы "Экология және балалар" облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияға Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің, гимназияларының, лицейлерінің, қосымша білім беру жүйесі мекемелерінің оқушылары және мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері (6 жастан 18 жасқа дейін), сондай-ақ өз тәжірибесіне тұрақты даму үшін экологиялық білім мен білім беруді енгізетін педагогтер қатыса алады.
Сондай-ақ, оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларының конкурсы және педагогикалық шеберлік сабақтардың үздік жұмыстарының тұсаукесері өтеді.
"Экология және балалар" конференциясы екі кезеңде өтеді:
1 кезең – сырттай тур: жұмыстарды қабылдау 2023 жылдың 25 сәуіріне дейін жалғасады;
2-ші кезең – тікелей тур: 1-ші кезең қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар жобаларды қорғауға шақырылады.
Конференцияның 2-кезеңін өткізу күні мен орны туралы қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.
Байқау жеңімпаздарына жүлделер мен барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
"Экология және балалар-2023" ғылыми-практикалық конференциясына қатысу мәселелері бойынша "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚБ 8-775-989-45-43 (Мадина Салпенова) хабарласу қажет, e-mail: madina_salpenova@mail.ru.
Конференцияның мақсаты – экологиялық сауаттылық пен мәдениетті арттыру, балалар мен жасөспірімдерді қоршаған ортаны зерттеу және қорғау процесіне тарту, "жасыл" технологияларды енгізуді насихаттау және көтермелеу, қоршаған ортаны қорғау және "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын іске асыруға мектеп қоғамдастығын тарту.
Сондай-ақ, конференция қызметі балалар мен оқытушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға бағытталған.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы