99 қарағандылық БАӘ Қызыл Жарты Ай қоғамынан ауызашар-бокс алды

99 қарағандылық БАӘ Қызыл Жарты Ай қоғамынан ауызашар-бокс алды

Қарағанды облысының 99 тұрғыны қасиетті Рамазан айында ауызашар-бокс түрінде көмек алды. Азық-түлік себетіне қаражатты Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Жарты айы бөлді.

Бір жиынтықтың құны 11 мың теңгені құрады. Ауызашар қорабында жемістер, кәмпиттер, тоқаш, құрма және т. б. бар. Көмек отағасынан айырылған және балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдерге жіберіледі.

– Бізде осындай отбасылардың дерекқоры бар. Олар ай сайын материалдық көмек алады. Біз оларға кеңсе заттарын, киім алып беріп көмектесеміз. БАӘ Қызыл жарты айы мен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қоғамының бұл бірлескен жобасы Қарағанды облысында 2002 жылдан бері жұмыс істейді, – дейді "Қызыл Жарты Ай қоғамы" ҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Татьяна Абрамова.

Сондай-ақ, осы айда БАӘ Қызыл Жарты айымен жетім балаларға, әлеуметтік осал және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім үшін 2 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қарағандылықтар да өз үлестерін қосты. Киімді "Абзал" СҮ кәсіпкерлері сыйға тартты. Есімдерін айтқысы келмеген тағы бір меценат азық-түлік әкелді.

Көмек Бұқар Жырау ауданы, Қарағанды, Саран, Шахтинск және Теміртауды қамтиды.

Упаковкой и раздачей вещей и продуктов занимаются волонтёры общества – студенты Карагандинского высшего политехнического колледжа.