Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті маусымдағы қауіпсіздік шаралары туралы еске салды

Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті маусымдағы қауіпсіздік шаралары туралы еске салды

Ауа-райының жылынуымен өрт қаупі артады. Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті маусымдағы қауіпсіздік шаралары туралы еске салды.

Өңірде саяжай маусымы ашылады. Саяжай және үй маңындағы учаскелердің иелері жыл сайын аумақты тазалайды.

Өрттің алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды ұсынады. Темекі тұқылын тастамау, сөндірілмеген оттарды және басқа да ашық жалын көздерін (барбекю, мангал) қараусыз қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, өрт сөндіру қызметінің мамандары жанғыш заттармен мұқият жұмыс істеуге және электр сымдарының тозу дәрежесін тексеруге, қолдан жасалған немесе ақаулы электр аспаптары мен пештерді пайдаланбауға шақырады. От жағу және қалдықтарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Желді ауа-райында от жағуға болмайды.

Сондай-ақ, күн жылыған кезде орман қорының аумағында өрттің пайда болу қаупі жоғарылай түседі. Осы кезеңде құрғақ шөптің өздігінен жануына жол бермеу маңызды.

Өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзу әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ормандарды жойғаны және бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Табиғи өрттер анықталған кезде 102-ге немесе 44-29-71, 43-79-38, 8-702-514-00-29 (Қарағанды орман шаруашылығы), (8-72147) 91-498, 91-332 (Кувский), (8-71037) 21-210 (Ақтоғай) телефондары арқылы дереу хабарлау қажет.