
ҚР ІІМ Қарағанды академиясында Ғылым қызметкерлері күні ЖОО негізін қалаушы құқық профессоры әділет генерал-майоры Барымбек Бейсеновтің туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Оған 70-тен астам ғылыми мақала түсті.
Конференцияға отандық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік сарапшылар, студенттер қатысты. Сондай-ақ, 10-ға жуық қонақ онлайн режимінде жұмысқа қосылды.
Іс-шара соңында "Үздік ғылыми жарияланым" номинациясы бойынша халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Оларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Бірінші орынды "сот-құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Алексей Васильков иеленді.

– Бүгінгі конференцияда "Білім беру ортасындағы және интернет-кеңістіктегі буллинг" тақырыбында баяндама жасап, бірінші орынды иелендім. Іс-шарада көптеген пайдалы ақпарат алдым, – деп атап өтті "Қарағанды облысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жастар Альянсы" ЖҚБ төрағасы Алексей Васильков.
