
15 сәуірден бастап Қарағандыда дәстүрлі түрде саяжай маусымы ашылады. Қала әкімдігінде хабарлағандай, алты саяжай маршруты ұйымдастырылады.
"Қалада алты саяжай бағыты болады: № 10пд, 11д, 21д, 60д, 75д, 76д, оларға бір бір автобустан (№11д қоспағанда) тартылған. № 10пд, 60д, 75д және 76д маршруттары 15 сәуірден 1 мамырға дейін тек демалыс күндері ғана жұмыс істесе, онда № 11д және 21д маршруттары күн сайын 15 сәуірден бастап желіге шығады, – деп хабарлады қала әкімдігі.
Сондай-ақ, № 7 және 42 қалалық автобустар өз маршруттарына жақын орналасқан саяжай қоғамдарына қосымша рейстерді жүзеге асыратын болады.