Хайуанаттар бағы қарағандылықтарды құстар күнін атап өтуге шақырады

Хайуанаттар бағы қарағандылықтарды құстар күнін атап өтуге шақырады

Қарағанды қаласының хайуанаттар бағы 23 сәуірде балалар мен ересектерді мерекелік іс-шараға шақырады. Мұнда Халықаралық құстар күні атап өтіледі.

Келушілерді байқаулар мен викториналар, командалық ойындар мен жарыстар, сабын көпіршіктері мен билер күтеді.

Сол күні құс үйі байқауының жеңімпаздары таңдалады.

Басталуы 14:00.