
Балқашта ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу туралы уағдаластық орнатылды. Ынтымақтастық туралы меморандумды Алматы қаласының әкімдігі мен көлік холдингі жасасты.

– ONAY! жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс орын алды. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға болады. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады, – деп атап өтті Балқаш әкімі Қайрат Қамзин.
Оның айтуынша, электронды жүйені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.