Тұрғындардың өтінімдері бойынша Қарағандыда жылуды өшіретін болады

Тұрғындардың өтінімдері бойынша Қарағандыда жылуды өшіретін болады

Қарағандыда тұрғындардың өтініштері бойынша жылу өшіріледі. Бұл туралы қалалық әкімдікте хабарлады.

"Жылыту маусымы аяқталуға жақын. Өткен жылдағыдай, наразылықты болдырмау үшін тұрғындардың өтініштері бойынша жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды: біреуі суық десе, екіншісі ыстық деп шағымданады. ПИК, ЖС немесе МИБ органдары "Теплотранзит" ЖШС-не үйді жылудан ажыратуға өтінім беруі тиіс және бір тәулік ішінде жұмыстар жүргізілетін болады. Үш тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10°С және одан жоғары болған кезде қалада жылыту маусымын аяқтаймыз", – деп жазды Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов "Instagram" парақшасында.

Басқарушы орган төрағасының қолы қойылған өтінімді Пригородная көшесі, 9/2 мекенжайында орналасқан "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС жедел-диспетчерлік қызметіне жазбаша түрде беру қажет.

Анықтама телефоны 56-17-79.