
Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық (ӨАГО) "Бақытты сағаттар" акциясын қайта бастайды. Қарағанды қаласының тұрғындары 12 және 14 сәуірде тегін медициналық көмек ала алады.
Акция сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі. Осы уақытта гинекологқа тексеріліп, кеңес алуға, тест тапсыруға, кольпоскопиядан өтуге болады. Арнайы ұсыныс тек МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар үшін қол жетімді.
Жүкті әйелдер акцияны пайдалана алмайды.
Алдын ала жазылудың қажеті жоқ, қабылдау кезек тәртібімен жүреді.
ӨАГО мекен-жайы: Щорс көшесі, 53 ("Майқұдық МҮ" аялдамасы).