Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі қарағандылықтарды концертке шақырады

Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі қарағандылықтарды концертке шақырады

Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі қарағандылықтар мен қала қонақтарын "Шалқыма" концерт залына "Отпан-тау" музыкалық кешіне шақырады. Ол 13 сәуірде сағат 18:30-да өтеді.

Оркестр мен солистердің орындауында "Ақжарма", "Күй басы", "Айназар", "Көроғлы", "Жеңіс", "Айтшахан" "Адай", "Туған жер – алтын бесігім", "О, Мари!" және тағы басқа шығармалар, сондай-ақ Теодораның "Цирк ханшайымы" опереттасынан шыққан ариясы, "Еркін жел" опереттасынан Пепитаның әні, "Ләйлә Мәжнүн" операсынан увертюра ұсынылады.

Концертте Қазақстанның мәдениет қайраткері Меруеш Башай, "Құрмет" орденінің иегері Сержан Мұсайын, халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан және республикалық байқаулардың лауреаты Нұрбол Темірғалиев өнер көрсетеді.

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Маңғыстау облыстық филармониясы жанындағы Абыл Тарақұлы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Рахат Мәдреев.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларында және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.