
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск қаласына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2023 жылғы 13 сәуірде Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Уақыт қосымша хабарланады.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 5-38-79 телефоны немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады: shahtinsk_cancel@krg.gov.kz.