"Көктемгі көңіл-күй": Қарағанды джаз оркестрі Астанада концерт береді

"Көктемгі көңіл-күй": Қарағанды джаз оркестрі Астанада концерт береді

Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония жанындағы "Астана" концерт залында 12 сәуірде сағат 18:30-да Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің джаз оркестрі "Көктемгі көңіл-күй" бағдарламасымен өнер көрсетеді.

Астаналық тыңдаушыларға арналған джаз оркестрінің концерттік бағдарламасында солистер, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ксения Николаева, Айдана Тұнғышбаева және Кристина Ракшаның орындауында SMOOTH, FEELING GOOD, Superstition, BOOGIE DOWN, Let The Good Times Roll, MACK THE KNIFE, LOVER, COME BACH TO ME 270, LA TIRANA, Besame Mucho, It Don't Mean A Thinq, FOR ONCE IN MY LIFE, Carbio dolor шығармалары ұсынылады.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

Жүргізуші – Роберт Граф.

Анықтама телефондары: (8-7172) 75-22-00 және 8-701-610-56-31.