
Биыл Қарағанды облысының тұрғындарын диагностикалауға және емдеуге медициналық сақтандыру қоры 139 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. 105 медициналық ұйыммен шарт жасалды.
139 млрд теңгенің 77,3 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) шығыстарын жабуға жұмсалады. Қалған 62,1 млрд теңге МӘМС пакеті бойынша жұмсалатын болады.
– Қаржыландырудың жүйелілігі мен жеткіліктілігі, яғни халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді. Медициналық көмек көрсету, әсіресе жоғары технологиялық операциялар кезінде арзан емес, – дейді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Көпобаев. – Мысалы, нейрохирургиялық, кардиохирургиялық операциялардың, экстракорпоральды ұрықтандырудың құны миллион теңгеден асады, онкогематологиялық аурумен ауыратын науқасты емдеу курсы бірнеше ондаған миллион теңгені құрауы мүмкін. Медициналық сақтандыру қоры бұл емдеуді, соның ішінде қорға түсетін қаражаттан төлейді.
Өткен жылмен салыстырғанда жедел медициналық жәрдем, стационарды алмастыратын, паллиативтік көмекті төлеуге, сондай-ақ онкологиялық және онкогематологиялық ауруларды диагностикалауға және емдеуге қаржыландыру ұлғайтылды.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша