
Қарағанды облысының жасөспірімдер командасы Павлодарда шайбалы хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан оқушылардың XI гимназиясында екінші орын алды. Қыздар үшінші болды. Біздің аймақтың атынан 13 спортшы қатысты.

Жеке жетістіктерінде бірінші орын алған: Станислав Коршиков (1-ші спорттық разряд), Теміртау бірінші классикалық лицейінің 5-сынып оқушысы; Тимур Адылханов (СШК), Қарағанды № 23 ЖОББМ бесінші сынып оқушысы; Никита Кривошеев (СШ), Қ. Мұнайтпасов атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резерв колледжінің 10-сынып оқушысы.

– Мәнерлеп сырғанаумен 4,5 жастан бастап айналысамын. Үш жыл жаттығудан кейін Қарағанды құрамасына кірдім. Наурыз айында Астанада жарыстар болды, сол жерде де бірінші болдым. Содан кейін гимназиядаға дайындықты бастадым. CШК санатында өнер көрсеттім. Менің негізгі қарсыластарым Астана мен Өскеменнің қатысушылары болды. Мәнерлеп сырғанаумен кәсіби түрде айналысамын. Менің мақсатым – спорт шебері атағын растау. Уақыты келгенде бапкер боламын, – дейді Тимур Адылханов.

Екінші орынды Теміртау қаласындағы №31 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Александра Староверова (1-ші спорттық разряд), үшінші орынды № 1 Теміртау гимназиядасының жетінші сынып оқушысы Георгий Романовский иеленді.

Жарысқа Қазақстанның жеті облысынан барлығы 60-қа жуық бала қатысты.


